Ақмола облысы білім басқармасының «Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, №19 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Кабинет психолого -  педагогической коррекции №19, село Егиндыколь, Егиндыкольский район» управления образования Акмолинской области

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға
консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы оңалту орталықтарымен, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Осы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген.
     2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

     3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыға жазбаша түрдегі ұсыным болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған тізімге сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасын ұсыну негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылды) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1 - іс-қимыл – ата-аналарға (өзге заңды өкілдеріне) көмек көрсету үшін еркін нысандағы өтінішін қабылдау, құжаттарын қарастыру, көрсетілетін қызметті берушінің медициналық статист журналына тіркеу – 15 минуттан аспайды;
      2 - іс-қимыл – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің консультациялық көмек көрсетуі – 60 (алпыс) минуттан аспайды;
      құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды:
      3 - іс-қимыл – оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы;
      4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы.
     6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
     1) бірінші іс - қимылдың нәтижесі, ата-аналарға (өзге заңды өкілдеріне) көмек көрсету үшін еркін нысандағы өтінішін қабылдау, құжаттарын қарастыру, көрсетілетін қызметті берушінің медициналық статист журналына тіркеу;
    2) екінші іс-қимылдың нәтижесі, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің консультациялық көмек көрсетуі;
    3) үшінші іс-қимылдың нәтижесі, оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы;
     4) төртінші іс-қимылдың нәтижесі, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету ппроцессіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
     1) оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің медициналық статист;
    2) оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандары;
     3) оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшысы;
     8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
    1) ата-аналарға (өзге заңды өкілдеріне) көмек көрсету үшін еркін нысандағы өтінішін қабылдау, құжаттарын қарастыру, көрсетілетін қызметті берушінің медициналық статист журналына тіркеу – 15 минуттан аспайды;
     2) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің консультациялық көмек көрсетуі – 60 (алпыс) минуттан аспайды;
      құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды
     3) оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы;
    4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнаулы мамандарының консультациялық көмек көрсету жөніндегі жазбаша ұсынымы.
      Әрбір құрылымдық-функционалдық бірліктің (бұдан әрі – ҚФБ) әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдерінің) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы әкімшілік іс-қимылы (рәсімді) орындау уақытын көрсетумен Регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметке жүгіну қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну қарастырылмаған.

 

Жаңартылған күні: 17.01.2020 11:49
Құрылған күні: 20.01.2020 16:47

Текст